Асанәлі Русланұлы: «Хоккей – өмірімдегі нөмірі бірінші спорт түрі»
24 Сәуір 2024

Асанәлі Русланұлы: «Хоккей – өмірімдегі нөмірі бірінші спорт түрі»


DSC_3264.jpg

«Қар барыстарының» шабуылшысы Асанәлі Русланұлы хоккейдегі жетістіктері туралы айтып берді.

- Хоккей ойнап жүргеніне қанша болды және неге дәл осы спорт түрімен айналысуды шештің?

- Мен 9 жылдан бері хоккей ойнап келемін. Маған бұл спорт бірден ұнағандықтан осы спорт түрімен айналысуды шештім.

- Хоккейдегі алғашқы қадамдарың есіңде ме?

- Мұз айдыңына қалай шыққаным және алғашқы қадамдарым есімде жоқ. Әйтеуір маған ұнағаны және жаттығулар қуаныш әкелгені есімде.

- Кіммен жаттығуды бастаған едің, жаттықтырушылардың арасынан кіммен жұмыс істедің?

- Мен жаттығуларды «Барыс» БЖСМ-де бастаған едім, сондықтан көптеген жаттықтырушылардың жетекшілігімен жаттықтым.

- Алғашқы жаттығуларың жайлы айтып берші.

— Алғашқы жаттығуларда мен ненің қалай екенін, конькиде қалай дұрыс тұру керектігін, мұзда алғашқы қимылдарды, құлауды түсінуге тырыстым. Жалпы, хоккейдің не екенін анықтауға тырыстым.

- Өз \жолында қандай қиындықтарға тап болуға тура келді?

— Бір нәрсеге қызығушылығын болсаң және сүйікті ісіңде дамуға тырыссаң, үнемі қиындықтарға тап боласың. Мұнда ең бастысы — шеберлікті шындау жолында ол қиындықтарды еңсеру.

- Хоккейден басқа немен айналыстың және басқа спорт түрімен айналысуға деген қызығушылық болды ма?

— Мен басқа спорт түрімен айналыспадым, сондықтан басқа спорт секциясына ауысқым келмеді. Хоккей – өмірімдегі нөмірі бірінші спорт түрі.

TMN_0055.jpg

- ЖХЛ-дың жаңа маусымында команданың көрсеткен өнерінен қандай әсер алдың?

- Алған әсерім тек жағымды. Біз ЖХЛ-ға қайта оралуға қуаныштымыз. Бұл лига бізге қайда және қайда ұмтылу керектігін көрсетті, сондықтан көбірек жұмыс істеп, дамуды жалғастыру қажет.

- Чемпионатта көрсеткен өнерің өзіне ұнай ма?

- Көрсеткен жеке нәтижеме онша риза емеспін. Иә, кейбір нәтижелер бар, бірақ егер спортпен айналысатын болсаң, онда қашанда үздік болуға барынша тырысу керек және одан да жақсы нәтиже көрсету үшін үнемі жұмыс жасауыңыз керек.

- Мансаптағы қай сәт әсіресе есте қалды?

— Түрлі сәттер болды, олардың барлығы өзінше қызықты, сондықтан бір сәтті бөлектемеймін.

- Өткен матчтардың қайсысы көбірек есте қалды?

— Менің есімде қатты қалғаны екі үй матчы, біреуі «Мамонты Югры», екіншісі «Чайка» командасына қарсы өткен ойын. Жаңа жыл алдында Ханты Мансийск қаласының командасын жеңдік, сол кезде олар «Алтын дивизионның» көшбасшылары болды, ал «Чайка» сол кездегі чемпион еді. Біз оларды да жеңдік. Мұндай матчтар қашанда есте қалады.

DSC_4320.jpg

- Матчтар алдында өзіңді қалай дайындайсың, қандай музыка тыңдайсың?

— Мен өз ойларыма шомып кету арқылы немесе киім ауыстыратын бөлмеде ойнап тұратын музыканы тындап ойынға дайындалғанды ұнатамын.

- Сені не немесе кім ойынға дайындап, ынталандыра алады?

— Негізінен ойынға мен өз өзімді дайындаймын және ынталандырамын.

- Хоккейден бос уақытта қалай демалып, не істейсің әдетте?

- Бос уақытымды отбасыммен, достарыммен өткізуге тырысамын. Мүмкіндік болғанда, киноға, сауда орталығына немесе кафеге барып тұрамын. Компьютерлік ойындар ойнамаймын.

- Қандай тәттілерді жақсы көресің?

- Торт, қандай екені маңызды емес, бастысы — тәтті болғаны.

- Жақсы көретін тағамын?

- Күріш қосылған тауық еті.

- Қандай фильмдерді ұнатасың?

- Мен фантастика жанрындағы фильмдерді қарағанды ұнатамын. Сүйікті фильмім - «Лабиринтте жүгіруші».

- Жақсы көретін кітабың?

- Сүйікті кітабым жоқ, өйткені оқуды ұната қоймаймын.

DSC_4663.jpg

- Саяхаттауды ұнатасың ба? Қанша елге барып үлгердің?

- Саяхаттағанды жақсы көремін. Биыл тек Венгрияға Әлем чемпионатында болдым. Әдетте, бұл ТМД елдері бойынша ойындарға аттанған саяхаттар болды.

- «Қар Барыстары» командасында және жалпы хоккейде өзің үшін қандай мақсат қоясың?

- Мен тек биік мақсаттар қоямын.

- Спорттық нәтижелерге қол жеткізуде сен үшін кім немесе не жігерлендіруші күш болып табылады?

- Халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген кез келген спортшыны үлгі тұтуға болады. Бұл жігер беруші күш.

- Алға қадам басуға көмектесетін ұранын бар ма?

- Ешкімге ештеңе үйретуге болмайды. Тек үйренуге болады.

DSC08628.JPG

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ



Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Михаил Рахманов