Барыс су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді
15 Сәуір 2024

Барыс су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

DSC_1144.jpg

"Барыс" хоккей клубы қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін белсенді шаралар қабылдады. Бұл кезге дейін "Барыс" "Asar-Ume" қайырымдылық қорымен бірлесіп, мерекелік үлгідегі ойын джерсиін сату бойынша аукцион өткізген болатын. Қазір түскен қаражатты бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алуға бағыттау туралы шешім қабылданды. Зардап шеккен аймақтар үшін азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, төсек-орын жабдықтары мен керек-жарақтар, генераторлар мен маңдай шамдар сатып алынды және жөнелтілді

Сонымен қатар, "Клуб Добряков" қайырымдылық қорының көмегімен "Барыс" қызметкерлері мен ойыншылары суды сору үшін сорғылар сатып алуға қаражат жинады. Бұл жабдық үлкен судың келуі енді күтілетін аймақтарға жіберілді.

Біздің қолдан келерлік шараларымыз мұқтаж адамдарға осындай қиын жағдайды жеңуге көмектеседі деп үміттенеміз!


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Никита Бояркин – Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Тамирлан Гайтамиров