Даниил Апальков Барыс құрамында қалады
25 Сәуір 2024

Даниил Апальков Барыс құрамында қалады

IMG_0396.JPG

«Барыс» хоккей клубы Даниил Апальковпен келісімшарттың ұзартылғанын ресми түрде мәлімдейді. Біржақты келісімшарт бір маусымға есептелген (2025 жылдың 30 сәуіріне дейін).

Апальков – командамыздағы ең тәжірибелі ойыншылардың бірі. Орталық шабуылшы ҚХЛ-да 550-ден астам матч өткізген. Даниил 2023 жылдың күзінде «Барыс» сапын толықтырып, астаналық клуб құрамында 35 ойынға қатысты. Ол 6 шайба соғып, әріптестеріне 8 нәтижелі пас шығарып берген. Сондай-ақ, ол мұз айдынында орта есеппен 19 минут ойын уақытын алып, 22 рет шайбаны тартып алған.

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері

- Апальков сенімді ақтап, ҚХЛ деңгейінде өнер көрсете алатынын дәлелдеді. Даниил секілді мінезді, қабілетті әрі мол тәжірибесі бар орталық шабуылшы «Барысқа» керек. Ол кем және артық құрамдағы ойын кезінде пайдалы өнер көрсетеді, мұз айдында артылатын көп міндетті өз мойнына ала алады. Менің білуімше, оған Астана мен клубымызда жасалған жағдай ұнайды, сондықтан келіссөз ұзаққа созылған жоқ.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Михаил Рахманов