Астанада UTLC ICE CUP LV халықаралық хоккей турнирі өтеді
15 Сәуір 2024

Астанада UTLC ICE CUP LV халықаралық хоккей турнирі өтеді

БЖСМ

DSC_6881.JPG

16-21 сәуір аралығында «Барыс Арена» мұз айдынында Еуразия елдерінің жас жұлдыздары ойнайды. UTLC Ice Cup халықаралық жастар турнирі «Young Eurasian Stars» ұранын тастап, Еуразия құрлығы елдерінің үздік хоккейшілерін төртінші рет жинайды.

Қытай/Оңтүстік-Шығыс Азия – ЕО бағытында және кері бағытта Еуразия аумағы бойынша теміржол транзиттік контейнерлік сервистерінің операторы болып табылатын «Біріккен көлік-логистикалық компаниясы – «Еуразиялық теміржол альянсы» АҚ («UTLC ERA») АҚ жобаның флагманы болып табылады.

Бұл турнир Мәскеуде «РЖД аренада» өткізілетін UTLC Cup беделді жыл сайынғы футбол турнирінен кейінгі компанияның екінші спорттық жобасы болды.

Хоккей турнирінде айдын иелері «Барысқа» 14 жасқа дейінгі ойыншылардан құралған Минскілік «Динамо», Санкт-Петербургтің «Армия СКА» командасы, Ярославль қаласының «Локомотиві», ташкенттік «Хумо» және Бейжіңдік «Beijing GLC» қарсылас болмақ.

АЛЕКСЕЙ ГРОМ, «ОТЛК ЕРА» АҚ Бас директоры

- UTLC Ice Cup турнирі дамудың жаңа кезеңіне шықты – қатысушылар құрамын Қытай мен Өзбекстан командалары толықтырды. Спорттық шеберліктің шыңына жету үшін дарын мен табандылық қана емес, айналадағылардың қолдауы да қажет. Акционерлер мен серіктестердің көмегімен спорттық құндылықтарды ілгерілету және Young Eurasian Stars туының астында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Еуразия құрлығының жетекші клубтарының жас хоккейшілерінің басын талай жыл қосқан турнирді ұйымдастырушы ретінде әрекет ету, оны тұрақты негізде өткізу және Еуразияның үздік хоккей мектептерінің жарыстарына қатысуға тарта отырып, оны ұйымдастырудың жоғары деңгейін ұстап тұру - біз үшін үлкен мәртебе әрі жақсы дәстүр.


Турнир төртінші рет өткізіліп отыр. Ярославль қаласының «Локомотив» командасы екі рет кубоктың иегері болды, бір рет UTLC Ice Cup кубогін ЦСКА командасы жеңіп алды.

AKM_4089.JPG

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Никита Бояркин – Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Тамирлан Гайтамиров